Ресейдің Ногинск қаласындағы көп қабатты үйде жарылыс болды

Ресей астанасына жақын жердегі Ногинск қаласында көп қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылып, 2 адам қаза тапты.

Тағы 8 кісі жарақат алды. Жапа шеккендердің арасында 2 бала бар. Оқиға орынында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар үйінділер астында тағы адамдар болуы мүмкін деп отыр. Ал жарылыс құрылыс баллоны немесе магистральді газ құрал-жабдығындағы ақаудан болуы мүмкін деп болжам бар. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.