Ресейдің төтенше жағдайлар министрі адам құтқармақ болып қайтыс болды

Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничев қызметтік міндетін орындау барысында көз жұмды.

Ресми мәліметке сәйкес, ол Норильскте өткен ведомствоаралық оқу-жаттығулары кезінде адамды құтқарамын деп қайтыс болған. Негізі аталған оқу-жаттығу жиынымен бірге дәл осы қалада төтенше жағдайларға қатысты фильм түсіріліп жатқан. Түсірілім барысында министр оператормен бірге шоқының шетінде тұрған. Кенет оператордың аяғы тайып, суға түсіп кеткен. Өз кезегінде Зиничев операторды құтқармақ болып, артынан суға түсіп, шығыңқы тасқа басын соққан.

Айта кетейік, Евгений Зиничев 1966 жылы дүниеге келген. 2018 жылдан бері Төтенше жағдайлар министрлігін басқарып келді.