Карантин талаптарын бұзған ер адам 5 жылға сотталды   

Вьетнамда карантин ережелерін бұзған ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол шілденің басында Хошимин қаласынан өзінің туып өскен провинциясына барған. Сөйтіп талап бойынша 21 күн карантинде болу керек еді. Алайда оқшаулану ережелерін сақтамаған. Құжат толтырған кезде де қай жерде болғаны туралы ақпаратты жасырған. Кейіннен оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетіпті. Осы уақыт аралығында 8 адамға вирус жұқтырып үлгерген. Олар отбасы мүшелері мен әлеуметтік орталық мамандары. Науқастардың бірі дерттен айыға алмай, көз жұмған. Бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек ер адамға 900 доллар айыппұл салынды.