Ресейде көпқабатты үйден шыққан жарылыстан 17 адам зардап шекті     

Ресейдің Ногинск қаласында газ баллоны жарылып еді. Жарақат алғандар саны 17-ге жетті.

Тағы 2 адам қаза тапты. Оқыс оқиға бүгін таңертең болған. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Жарақат алғандардың алтауы ауруханада жатыр. Қалғандарына оқиға орнында көмек көрсетілді. Осы іске қатысты тергеу басталды.