Солтүстік Македонияда коронавирус ауруханасынан өрт шығып, 14 адам көз жұмды

Солтүстік Македонияда коронавирус науқастарын емдейтін ауруханада өрт шығып, 14 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 20 кісі жарақат алған. Олар ел астанасы Скопьеге шұғыл жеткізілді. Қайғылы оқиға елдің солтүстік-батысындағы Тетово қаласында болған. Тілсіз жаумен күреске 30 өрт сөндіруші мен 7 техника жұмылдырылған. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.