423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Талибан» сайлау өткізеді

  • 460
  • UPD: 13:39, 09.09.2021

Бұл туралы тәліптер үкіметінің ақпарат және мәдениет министрлігіне сілтеме жасаған «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады.

Әзірге саяси науқанның нақты қай деңгейде, қандай салалар бойынша өткізілетіні белгісіз. Тәліптер бұл сайлауға «Талибан» қозғалысына мүше емес, халықтың өз ішінен шыққан талантты адамдарды тартатынын айтқан. Ал солтүстіктегі Панджшер провинциясындағы Ұлттық қарсылық майданы осы өңірдің 65 процентін әлі иеленіп отыр. Бұл мәліметті көтерілісшілердің CNN арнасына сұхбат берген өкілі жариялады. Сондай-ақ Норвегияның Ирандағы елшісі Сигвальд Хауге твттердегі парақшасында «Талибан» содырлары Кабулдағы осы еуропалық мемлекеттің елшілігіне басып кіргенін мәлімдеді. Шараптар мен балалар кітаптарын жойған тәліптер ғимаратты қайта босататынын айтқан. Ал Еуропалық одақ кәрі құрлыққа ағылатын ауған азаматтарының қалың нөпіріне дайындыққа кірісті.

Фабрис Леджери, ЕО шекара агенттігінің бас директоры:

– Шетелде тұрып жатан Ауғанстан азаматтары бірінші кезекте Еуропалық одақ аумағына қарай ағылады деп болжаймыз. Себебі оларды экономикалық жағдай қызықтырады. Еуропаға келсе, ауған босқындарын Ауғанстанға қайтара алмаймыз. Бірақ ауған азаматының кейпіне енген өзге елдің адамдарын анықтап, Еуроодақ аумағынан шығара аламыз.

Хабар 24 телеарнасы