АҚШ-та «Ида» дауылы құрбандарының саны артты

АҚШ-тың солтүстік-шығысына соққан «Ида» дауылынан қаза тапқандардың саны артып, 82-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтарда табиғат апатының салдарымен күрес жалғасып жатыр. Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттарында көп адам тасқыннан кезінде көз жұмған. Луизианада әлі күнге дейін ондаған мың үй жарықсыз отыр.

Еске сала кетейік, тамыздың 25-інде АҚШ-тың оңтүстік-шығысына «Ида» дауылы соққан еді. Дүлей желдің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жетіп, ұйытқыған жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, жолындағыны тас талқан етті. Осыдан кейін дауыл елдің солтүстік-шығысына ауып, жаңбыр селдетіп көп елді мекенді су басты. 

Майкл Перрин, тұрғын:

– Дауылдан қатты зардап шектік. Бірақ қазірге дейін ешқандай көмек көрсетілген жоқ. Төзіміміз таусылды. Қызымыз екеуіміз шатырды жөндейтін адамды жалдап, үйімізді әзер қалпына келтіріп жатырмыз.

Сондай-ақ...