BMW қалдықтардан жасалған экологиялық электрокарды ұсынды

Мюхнен қаласындағы автокөрмеде BMW автоконцерні тұтынушылар назарына қайта өңделген материалдардан жасалған экологиялық таза электрокарды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмыртқа пішіндес темір тұлпарда тері мен бояу қолданылмаған және құрылғылар панелі жоқ. Ең бастысы қоршаған ортаны қорғау үшін хром мүлде пайдаланылмаған. Ал көліктің барлық бөлшектері 3Д принтерінде дайындалған. Мамандар электркарды қайта өңдеуден өткізуге болатынын айтады. Ал бірегей көлікті жаппай сатылымға шығару 2040 жылға жоспарланған.