Ресейдегі газ жарылысынан қаза тапқандар саны жеті адамға жетті

Ресейдің Мәскеу облысының Ногинск қаласындағы 9 қабатты үйдегі газдың атылуынан қаза тапқандардың саны артып, 7-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 17 адам жарақат алды. Бастапқыда құтқарушылар апаттан кейін 2 адамның денесін тапқан еді. Кейін тағы бірнеше тұрғынның мәйітін шығарып алды. Олардың арасында жасөспірім қыз бар. Тағы бірнеше адамның халі белгісіз. Қазір апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Мәскеу қаласына жақын жердегі Ногинск қаласында 9 қабатты үйде жарылыс болған еді. Апат тұрмыстық газдың ауаға тарауынан болған деген болжам бар. Жарылыстан ғимараттың бір бөлігі опырылып құлап қалды. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ...