Үндістанда екі кеме соқтығысып, 30 адам жоғалып кетті

Үндістанның Ассам штатында екі сал кеме соқтығысып, біреуі суға кетті. Оқыс оқиға салдарынан 1 адам көз жұмған.

Екі су көлігінде 100-ден аса адам отырыпты. Олардың кейбірін мамандар құтқарса, басқалары өз бетінше қауіпсіз жерге дейін жүзіп жеткен. Оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдары 30  адамның әлі табылмағанын хабарлайды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік қажет болса, оларға әскер тартылатынын жеткізді.

Шантану Бора, жоғалып кеткен жолаушының туысы:

- Кемеде отырған туысым әлі табылмады. Ол басқа қайыққа өз бетінде жүзіп жетпек болса керек. Алайда қазір қайда екенін белгісіз. Ол мінген кемеде құтқару кеудешесі секілді қауіпсіздік құралдары болмаған.