Кабулден 200 адам жеке рейспен ұшып кетті

«Талибан» қозғалысының өкілдері АҚШ-тың эвакуациясы аяқталғаннан кейін Ауғанстанда қалып қойған американдықтар мен үшінші елдердің азаматтарына Кабул әуежайынан чартерлік рейспен ұшып кетуге рұқсат етті.

Әңгіме шамамен 200 адам жайлы. Бірер күн бұрын АҚШ-тың мемлекеттік депаратменті тәліптермен тиісті мәселе бойынша келіссөздер бастағаны белгілі болды.

Айта кеткен жөн, Вашингтон өз азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялау жұмыстарын 31 тамызда аяқтаған еді. Америкалықтармен бірге АҚШ үкіметіне жұмыс істеген жергілікті тұрғындарда ДА елден кету мүмкіндігі болған.