423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Вакцинаның үшінші дозасын салуға қарсы мораторий ұзартылуы мүмкін

  • 151
  • UPD: 23:43, 09.09.2021
Вакцинаның үшінші дозасын салуға қарсы мораторий ұзартылуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируске қарсы вакцинаның үшінші дозасын салуға қарсы мораторийді жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды.

Мұның орнына бірінші және екінші компонентті алғандар үлесін 40 процентке жеткізу керек. Ұйым басшысы осылай дейді.

Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры препараттың үшінші дозасын салуды қыркүйекке дейін тоқтатуға шақырған еді. Бүгінге дейін әлемде 5 жарым миллиардтан астам вакцина дозасы шығарылды. Соның 80 процентінен астамы бай елдерге жіберілген.   

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ Бас директоры:

- Кеше Халықаралық фармацевтикалық өнім өндірушілер қауымдастығының федерациясы «үлкен жетілік» елдерінде ересектер мен жасөспірімдерге арналған вакцинаның мол қоры барын мәлімдеді. Сондықтан препараттың үшінші дозасын осал топтағыларға ұсынуға болады. Әзірге біз азаматтарға екпенің үшінші дозасын жаппай сала бастауды құптамаймыз.

Хабар 24 телеарнасы