Тәліптер ұлықтау рәсіміне қай елдерді шақырды?

Ауғанстанның жаңа үкіметінің ұлықтау рәсіміне Ресей, Қытай, Катар, Түркия, Пәкістан мен Иран өкілдері шақырылды. Бұл жайында «Риа» агенттігі хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ресей тарабынан Кабулдағы елші қатысуы тиіс. Айта кеткен жөн, бірер күн бұрын тәліптер жаңа үкіметті жасақтап, оның құрамын жария еткен еді. Премьер-министрдің қызметіне молда Мохаммад Хасан Аху-нд тағайындалды. Ол 20 жыл бұрын Ауғанстанда билік басында Тәліптер болғанда, Сыртқы істер министрі болған. Оған БҰҰ-ның санкция салғаны белгілі.

Жаңа үкіметтің ұлықтау рәсімі 11 қыркүйекке белгіленген. Бір айта кетерлігі – 20 жыл бұрын дәл осы күні Нью-Йоркте «Әл-Каида» содырларымен лаңкестік әрекет жасалған еді. Осы қанды оқиғадан кейін Америкалықтар Ауғанстандағы әскери операциясын бастап кеткен болатын.

Энтони Блинкен, АҚШ мемлекеттік хатшысы:

– Тәліптердің АҚШ пен арадағы қарым-қатынасы қозғалыс мүшелерінің қалай әрекет ететініне байланысты болады. Қазір олар өздерінің мойнына бірқатар міндеттемелерді алып отыр. Мәселен, азаматтардың құқығын шектемей, лаңкестікпен күресеміз дегенді алға тартады. Инклюзивті үкімет болатынына сендіреді. Халықаралық қауымдастық тәліптер билік ететін үкімет сөзінде тұрады деп үміт артады.

Сондай-ақ...