Испаниядағы орман өртінен 800 адам эвакуацияланды

Испанияның оңтүстігіндегі Малага провинциясында орман өртеніп, осы аймақтағы Эстепона курортты қаласы маңындағы бірнеше мекеннен 800-ге жуық адам эвакуацияланды.

Өткен күндері басталған қызыл жалын қазірге дейін 2 мың гектар жерге жайылып үлгерген. Тілсіз жаумен 200-ден астам өрт сөндіруші күресіп, ондаған ұшақ пен тікұшақ қолданылып жатыр. Бірақ орманның таулы жерде орналасуы, және батыстан соққан жел жалынды сөндіруге, көп кедергі келтіріп тұр – дейді мамандар.

Хосе Луис Перес, Андалусия аймағы өрт сөндіру қызметінің өкілі:

– Қазір орман өртенген аудандағы желдің жылдамдығы сағаатына 40 шақырымға дейін жетіп, жалынды сөндіруге көп кедергі келтіріп тұр. Оның үстіне бүгін күн ысып, өрт тез тарап жатыр. Қазір жалын елді-мекендерге жетпеуі үшін бар күшімізді салып жатырмыз.

Сондай-ақ...