Исландияда ауаны көмірқышқыл газынан тазартатын әлемдегі ең ірі зауыт іске қосылды

Исландияда ауаны көмірқышқыл газынан тазартатын әлемдегі ең ірі зауыт іске қосылды.

Orca деп аталатын кәсіпорын геотермальды энергияның көмегімен 4 мың тонна көмірқышқыл газын жоюға қауқарлы екен. Осылайша мамандар әлемдік климаттың өзгеруіне септігін тигізбек. Басты мақсат – Париж келісімі бойынша ауа температурасының 2 градустан асуын болдырмау. Аталған технологияның әлеуеті зор болғанымен, шығыны көп екен. Бір тонна көмірқышқыл газын жоюға 100 доллар кететін көрінеді. Ал 2019 жылы ауаға 35 миллиард тонна зиянды зат кеткенін ескерсек, мұндай зауыттың жұмысын ұйымдастыруға қыруар қаржы керек, дейді мамандар. 

Сондай-ақ...