425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Германияда вице-канцлерге қарасты бөлім «ақша жеді» деген күдікке ілінді

  • 95
  • UPD: 11:55, 10.09.2021
Германияда вице-канцлерге қарасты бөлім «ақша жеді» деген күдікке ілінді

Германия прокуратурасы Қаржы және Әділет министрліктерінде тінту жүргізді.

Қаржы министрлігінің Қаржылық барлау бөлімі ақша жеді деген, күдікке ілінген. Про-куратураға аталған бөлім қызметкерлері 2018-2020 жылдары миллиондаған еуро тұратын кҮмәнді тран-закцияларға, көз жұма қарады деген, ресми шағым түскен. Бұл ақша аударымдарының көбі Африка елдеріне тиесілі болған. Шу тудырған Қаржылық барлау бөліміне, Қаржы министрі әрі вице-канцлер Олаф Шольц, жетекшілік жасайтын көрінеді.

Олаф Шольц, Германия қаржы министрі және вице-канцлері:

– Прокуратура біздің бөлімнің аты-жөні белгісіз қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл мәселені хат жолдау арқылы да тексеруге болатын еді. Бірақ прокуратура істі артық амалдармен ушықтыра бастады.

Сарапшылар Шольцтың шырылдайтын жөні бар дейді. Себебі соңғы сауалнамалар нәтижесі Шольц Меркельден кейінгі Германия канцлері атануы әбден мүмкін екенін көрсеткен. Сайлау 26 қыркүйекке белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы