«Ауған дағдарысы» Беларусьтің бас ауруына айналды

«Ауғанстандағы дағдарыстың зардабы Беларусьқа тиіп жатыр» Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Александр Лукошенко осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, «АҚШ әскерін әкету арқылы Ауған босқындарының мәселесін Еуропалық одаққа ысыра салды, бірақ «кәрі құрлық» елдері шетелдіктерді қабылдауға асығар емес». Осының кесірінен заңсыз мигранттар Литва мен Польша шекарасынан өте алмай, қиындыққа душар болды.

Александр Лукашенко, Беларусь Президенті:

– Еуропаның кіндігінде соғыс қимылдарынан алыста орналассақ та, Ауғанстан дағдарысы бізге де кері әсер етіп жатыр. Шекарамызда босқындарға қатысты не болып жатқанын, дамыған Батыстың не істеп жатқанын қараңыздаршы. Әрине, осындай жағдайда біз одақтық «Батыс 2021» әскери-оқу жаттығуларын қолға алдық. Ортақ қауіп-қатерге қарсы бірлескен іс-қимылды күшейте бермекпіз.