425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мексикада тұтас қала су астында қалды

  • 93
  • UPD: 15:23, 10.09.2021
Мексикада тұтас қала су астында қалды

Мексиканың Тула қаласы алапат тасқыннан әлі ес жия алмай отыр.

Табиғи апат салдарынан 2 мыңға жуық үйге, зақым келген. Көптеген тұрғындар далада қалды. Аймақта бірнеше күн жауған нөсерден кейін, өзендер арнасынан тасыған. БұДан, аурухана қирап, 17 науқас ажал құшқан болатын.

Америка Резендис, жергілікті тұрғын:

– Тасқын салдарынан үйімізден, кеңсемізден, бүкіл мүлкімізден айырылдық. Қазір шығын көлемін есептеп жатырмыз. Жергілікті биліктен түк қайыр жоқ.

ВЕНЕСУЭЛАДА ТАСҚЫННАН 2300-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ ЗАРДАП ШЕКТІ

Тасқын зардабын Венесуэла халқы да, тартып отыр. Биліктің мәліметі бойынша, үлкен су 2300-ден астам отбасынын, тығырыққа тіреді. Бұл елде табиғи апат салдарынан көз жұмған немесе, жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы