АҚШ-та ажырасқан ерлі-зайыптылардың құнды картиналары бәссаудаға шығарылды

Нью-Йорктегі «Сотбис» аукцион үйі миллионер Гарри Маклоу мен оның бұрынғы әйелі Линданың коллекциясындағы құнды картиналарды сатылымға шығарды.

Бәссаудаға қойылған туындылардың арасында Энди Уорхол мен Пабло Пикассоның бірегей туындылары бар. Жалпы 65 картинадан тұратын коллекция 600 миллион долларға бағаланып отыр.

Шараны ұйымдастырушылар аукцион пандемия кезінде құлдырауға ұшыраған бәссауда бизнесін қайта жандандыруға ықпал етеді деген үмітте. Ал атақты шеберлердің туындылары аукционға 2018 жылы ерлі-зайыптылардың ажырасу процесі кезінде Нью-Йорк қаласы сотының шешіміне сай сатылымға қойылған.

Сондай-ақ...