БҰҰ: тәліптердің ұйым қызметкерлерін қудалауы жиіледі

Ауғанстанда тәліптер билікке келгелі Біріккен ұлттар ұйымының қызметкерлерін қудалауы жиілеген. Бұл туралы ұйымның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Дебора Лайонс Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша тамыз айының ортасынан тәліптердің ұйым кеңселерін тонауы мен оның өкілдеріне жасырын қоқан лоқысы көбейген. АҚШ та тәліптердің ұйымның әйел қызметкерлеріне кеңселерге тек ер адамның қарауымен баруды талап еткенін айтады. Осыған байланысты радикалды қозғалыстан ұйым жұмысына кедергі келтіруді тоқтатуға шақырды.

Дебора Лайонс, БҰҰ-НЫҢ ауғанстан бойынша арнайы өкілі:

– Бізді тәліптердің ұйымның қызметкерлерінің артына түсіп қорқытып қудалағаны алаңадатады. Біз қызметкерлеріміздің қауіп-қатерден сақтап, оларға қолдау көрсету үшін бар күшімізді саламыз. Бірақ ұйым ауған халқына аса қажетті жұмысты қазіргідей жағдайда жүргіе алмайды. 

БҰҰ АУҒАНСТАНҒА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨМЕКТІ ЖАЛҒАСТЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

БҰҰ халықаралық қауымдастықты тәліптер билікке келгелі әр елде бұғатталған қаржыны босатуға да шақырды. Бұлай етпеген жағдайда Ауғанстанға гуманитарлық дағдарыс орнайды дейді. Айта кетейік, Ауғанстанда «Талибан» билікті басып алғалы Халықаралық ұйымдар елдегі жобаларды қаржыландыруды тоқтатқан. Ал ресми дерекке қарағанда 38 миллион тұрғыны бар елде халықтың 72 проценті кедейшілікте өмір сүреді.

Сондай-ақ...