Еуроодақ сапарға рұқсат етілген мемлекеттер тізімінен алты елді шығарып тастады

Еуропалық Одақ Албанияны, Арменияны, Әзірбайжанды, Брунейді, Жапонияны және Сербияны COVID -19 пандемиясы кезінде қосымша саяхатқа рұқсат етілген елдер тізімінен алып тастады. Бұл туралы ЕО Кеңесінің бейсенбі күні таратқан хабарламасында айтылды,деп хабарлайды Хабар 24 coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кеңес қосымша сапарларға шектеулер уақытша алынып тасталуы тиіс елдер мен аумақтардың тізімін жаңартты. Атап айтқанда, Армения, Әзірбайжан, Албания, Сербия, Бруней мен Жапония бұл тізімнен шығарылды», – делінген хабарламада. Осы шешіммен ЕО Кеңесі Уругвайды рұқсат етілген елдер тізіміне қосты.