Мексиканың солтүстік жағалауына «Олаф» дауылы соққы берді

Осыған байланысты Төменгі Оңтүстік Калифорния штатында қауіптің қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, қазір желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жетеді. Соның кесірінен аймақтағы бірнеше ғимарат жарықсыз қалған. Бұдан бөлек, табиғи апаттан өңірдегі мектептер мен мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатқан.