Берлиндік дәрігерлер биліктен жалақы көтеруді талап етті

Германия астанасы Берлинде дәрігерлер ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар биліктен жалақы көтеруді талап етті. Сондай-ақ жергілікті медициналық мекемелерде жұмыс күші жетпей жатқан көрінеді. Наразы топтың дені - Шарите және Вивантес атты екі ірі аурухананың қызметкерлері. Айта кетейік, бұған дейін неміс дәрігерлері екі мәрте көшеге шыққан. Бұл жолғы жиынынң қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Мамандар ауруханада жұмыс жалғасып, шұғыл операциялар жасалатынын айтты. Алайда науқастар ұзын сонар кезекке тұруға мәжбүр болады, 

Линн Штефански, физиотерапевт:

- Ең алдымен бізге түсетін ауыртпалықты жеңілдету үшін ауруханаларға адамдарды көбірек жұмысқа алғанын талап етіп отырмыз. Сондай-ақ жалақымызды көтерсін. Өйткені еншілес клиникада тап сондай жұмыс үшін бас кеңседегі әріптестерімізден айлықты аз аламыз. Кәсіподағымызбен келіссөздер өте баяу өтіп жатыр және әлі түк нәтиже берген жоқ. Сол себептен ереуілге шығуға мәжбүр болдық. Ол қашан аяқталатыны белгісіз.