Испанияда орман өрті өршіп тұр

Испанияның оңтүстігіндегі орман өрті бірнеше күннен бері ырық бермей тұр. Бір адам опат болды. Марқұм төтенше қызмет маманы.

Мыңға жуық адам үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Өртке нақты не себеп болғаны белгісіз. Тергеушілер бәзбіреулер қасақана от қоюы мүмкін деп топшылайды. Өртті сөндіруге бір жағынан күннің ыстығы, екінші жағынан күшті жел мүмкіндік бермей тұр. Бұнымен қатар орман таулы аймақта орналасқан. Бұл да мамандардың жұмысын қиындатты.

АҚШ-тың Калифорния штатында да орман өртеніп жатыр. Мұнда да отты сөндіруге күннің ыстығы кедергі болып тұр. Жалпы биылғы жаз өңірдің метеобақылау тарихындағы ең ыстық жаз. Күннің қатты ысуы Калифорниядан бөлек Айдахо, Невада, Орегон және Юта штаттарында тіркелген.