Липецк облысындағы үйде жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Ресейдің Липецк облысында екі қабатты үйде болған газ жарылысынан қаза тапқан адам саны үшке жетті. Біреуі 11 жастағы бала. Тағы 6 адам жарақат алған.

Арасына кәмелетке толмаған бір азамат бар. Бұл үйде 16 пәтер бар екен. Екі кіреберістің бірі опырылып құлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша жарылысқа газдың жылыстауы не газды пайдаланудағы салғырттық себеп болуы мүмкін.

Айта кеткен жөн, бұл осы аптада көрші елде тұрғын үйде болған бесінші жарылыс. Солардың ең ірісі Мәскеу облысындағы Ногинск қаласында тіркелген. Мұнда тұрмыстық газ жарылысынан 7 адам көз жұмды. Бұл оқиғадан кейін қала күнін атап өту шаралары өтпейтін болып, аза тұту жарияланды.