425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та вакцина салғызбағандар арасында ковидтен көз жұму көрсеткіші жоғары

  • 103
  • UPD: 14:02, 11.09.2021
АҚШ-та вакцина салғызбағандар арасында ковидтен көз жұму көрсеткіші жоғары

Вакцина алғандарға қарағанда екпесі жоқ адамдардың коронавирустан көз жұму ықтималдығы 11 есе жоғары.

АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу орталығы мамандарының жүргізген зерттеуінің нәтижесі осындай. Ғалымдар 600 мың адамды зерттеген. Зерттеу екпе қабылдамағандардың емханаға ауыр жағдайда 11 есе жиі түсетінін көрсеткен.

Айта кетерлігі, АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын тұрғындардың 53 проценті алған. Таяуда президент федералдық қызметте істейтін адамдардың барлығын екпе қабылдауға міндеттеді. Бұл талап ұжымда адам саны 100-ден асатын мекемелерге қатысты. Тәртіпке көнбегендер жұмыстан шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы