VI Каспий медиафорумы басталды

Астрахан қаласында алтыншы Каспий медиафорумы басталды.

Бұл – Каспий маңы елдері үшін бірыңғай ақпараттық алаң құруға, аймақтық және халықаралық журналистика дамуының жаңа векторларын талқылап, тәжірибе алмасуға арналған шара.

Тиісті форумды өткізу идеясы 2014 жылы «Каспий бестігінің» саммитінде пайда болған. Бестікке Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран мен Түрікменстан кіреді.

Биылғы шара туризм және этномәдени коммуникациялар тақырыбына арналған.     

Анна Беликова, «Ресей – Ислам әлемі» стратегиялық пайымдау тобының кеңесшісі:

– Каспий медиафорумы – қоғамдық дипломатияға арналған жаңа алаң. Біз мұнда өзекті мәселелерді талқылйа аламыз. Өкінішке қарай, біз басты назарымызды саяси және экономикалық мәселелерге аударып, гуманитарлық ынтымақтастық пен мәдениет сұрақтарына жөнді көңіл бөлмей жатамыз.   

Сондай-ақ...