АҚШ-қа өткісі келген 14 мың мигрант Колумбияда тұрып қалды

Өйткені адам көп. Қайық аз. Сол себепті мамандар оларды Панамамен арадағы шекарадан өткізіп үлгермей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирусқа қатысты шектеу шаралары жеңілдеген соң Колумбия мен Панама билігі күн сайын 500 адамнан өткізуге келіскен. Алайда мұнда күн сайын мыңдаған адам келеді. Сөйтіп Некокли қалашығында адам қарасы көбейіп, келімсектер жағалай шатыр тігіп тастаған. Жағдай да оңайға соғып тұрған жоқ. Босқындардың көбі – Гаити, Куба және Африка елдерінің азаматтары. Олар Колумбия арқылы Панамаға өтсе болды, одан әрі контрабандашылардың көмегімен амалын тауып, АҚШ-қа жетуге болады.

Луис, Гаитиден келген мигрант:

- Мында өмір сүру қиын. Барлығы қымбат. Жататын орнымыздың ақысы да, тамақтың бағасы да шарықтап барады. Мен Колумбияда қалғым келмейді. Көрші Панамаға өтсем деймін. Алайда бұл әзірге мүмкін бомлай тұр.