Колумбияда 2,5 тоннадан астам кокаин тәркіленді

Колумбияда билік әскері 2 жарым тоннадан астам кокаин тәркіледі.

Әскери әуе күштерімен бірлесіп жүргізілген операция кезінде 5 адам қамауға алынған. Күдікке ілінген кеме арнайы рейд кезінде көзге түсті. Есірткі заттары Орталық Американың басқа елдеріне жіберілмек болған. Мамандар тәркіленген кокаинның құны қара базарда 80 миллион доллардан асады дейді.