425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өзбекстан президент сайлауына қызу дайындалып жатыр

  • 197
  • UPD: 23:18, 12.09.2021
Өзбекстан президент сайлауына қызу дайындалып жатыр 24.kz

Өзбекстанда сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр. Қазанның 24-і күні президенттерін таңдайды.

Бұл көрші ел тарихында осымен 7-саяси маңызды науқан болғалы отыр. Оған Өзбекстанда ресми тіркелген 5 партияның кандидаттары қатыспақ. Ең басты үміткер қазіргі президент Шавкат Мирзиеёв. Оны кандидат ретінде Либерал-демократиялық партиясы кезекті съезд барысында ұсынды. Тағы президенттікке үміткер ретінде «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы Алишер Қадыровты, Экологиялық партия Нарзулла Обломурадовты, ал «Адолат» әлеуметтік-демократиялық партиясы Бахром Абдухалимовты таңдады. Осы жолғы сайлауда алғаш рет әйел үміткер қатыспақ. Тәжірибелі дәрігер Максуда Варисова Өзбекстанның Ұлттық-демократиялық партиясы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылып отыр. 

Равшан Назаров, саясаттанушы:

- Кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары өте қызықты. Өзекті мәселелер қамтылған. Оның үстіне 5 үміткердің де ғылыми дәрежесі бар. Тағы бұл сайлауға әйел кандидаттың да қатысатыны тарихи оқиға болғалы отыр. Өзбекстанның халықтық демократиялық партиясы – 5 саяси ұйымның ішіндегі ең егдесі. Оған да биыл 30 жыл толды. Өзімнің болжамым бойынша биылғы сайлауға халық белсенді қатысады. Себебі бұл саяси науқан жаңа сайлау кодексі аясында өткелі тұр. Сондықтан қызығушылық жоғары болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы