Қытайда ковидтің жаңа ошағы пайда болды

Қытайдың оңтүстік-шығысында коронавирустың жаңа ошағы пайда болды.

Фуцзянь провинциясында бір күнде Ковид-19 індетін жұқтырған 50-ге жуық адам анықталды. Осыған байланысты аймақта эпидемиологиялық қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды. Науқастардың көбі тіркелген Путянь қаласындағы барлық мектептерде сабақ онлайн режимге ауыстырылды. Музейлер мен кинотеатрлар жұмысы тоқтатылды. Билік тұрғындарды бетперде тағу режимін қатаң сақтауға шақырды. Әрі жұмысты үйде отырып істеуге үндеді.