«Талибан»: Қыз балалардың білім алу тәртібі өзгертіледі

Ауғанстанда билік басына келген Талибан қозғалысы әйелдерге жоғары оқу орнында білім алу тәртібін жариялады.

Жаңа ережеге сай қыздар енді ер азаматтардан бөлек оқиды. Және хиджаб киіп жүруге тиіс. Бұл туралы тәліптер үкіметінің білім министрі Абдул Баки Хак-кани баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, қыздар оқитын пәндер де қайта қарастырылады.

Айта кету керек, тәліптер 1996-2001-ші жылдары билік басына келген кезде әйелдердің білім алуына түбегейлі тыйым салған еді.

Абдул Баки Хаккани, Ауғанстан білім министрі:

– Біз қазіргі заман мемлекетінің барлық талаптарына сай болуға күш саламыз. Осы мақсатта ауған азаматтарының барлық қажеттілігін ақтауға тырысамыз. Біз бұл жоғары оқу орындарын пайдалы әрі елімізді қалпына келтіруге жұмыс істегенін қалаймыз.