425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Солтүстік Корея жаңа қанатты зымыранды сынақтан өткізді

  • 116
  • UPD: 09:15, 13.09.2021
Солтүстік Корея жаңа қанатты зымыранды сынақтан өткізді

Солтүстік Корея алыс қашықтыққа ұшатын, жаңа қанатты зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдары хабарлады.

Мәліметке қарағанда, сынақ осы елдің құрылғанына 73 жыл толу мерей-тойынан кейін жүзеге асырылған және оны осы елдің басшысы Ким Чен Ынның өзі бақылаған. Бірақ шараның қай жерде, өткені белгісіз. Тек зымырандар 1 жарым шақырымдай жерге ұшып барып нысанаға дәл тигені айтылады. 

Еске сала кетейік, БҰҰ қарарына сәйкес Солтүстік Кореяның ядролық қару сыНауына тыйым салынған. Алайда қанатты зымырандарды ұшыруға, еш шектеу жоқ.

Хабар 24 телеарнасы