Вакцина алған туристердің кіруіне рұқсат ететін ЕО елдерінің тізімі жарияланды

Сарапшылардың айтуынша, коронавирустың жаңа толқыны жақындап келеді, ал жеңіл нұсқада болса да, туристік маусым әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 Kaz.tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Сапарларға шектеулер мен кіруге тыйым салу – дельта-ковидінің таралуын тоқтату және туризмді сақтау үшін еуропалық үкіметтер қабылдаған ең кең таралған шаралар. Бұл үшін ЕО-ның кейбір елі вакцина алған туристер үшін артықшылықтар енгізді, атап айтқанда: олар үшін тестілеу немесе карантин рәсімдерін алып тастады.

Сонымен қатар, Еуропаның бірқатар елі, тіпті, үшінші елдерден вакцина салдырған саяхатшыларға кіруге рұқсат берді.

Толық екпе алған туристерді мына елдер кіргізеді: Франция, Финляндия, Испания, Португалия, Германия, Кипр, Хорватия, Австрия, Исландия, Дания.