425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Иркутскте апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды

  • 118
  • UPD: 12:18, 13.09.2021
Иркутскте апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды

Ресейдің Иркутск облысында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының қара жәшігі табылды.

Ұшқыш Николай Махнутинның айтуынша борттағы  навигациялық жүйе істен шығып, ұшақ авто-пилот арқылы негізгі бағыттан ауытқыған. Тағы белгілі болған жағдай, қою тұман салдарынан әуе көлігі таудың төбесін жаНап өткенге ұқсайды.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Иркутск облысында 15-ші қыркүйек қаралы күн деп жарияланды.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған L-410 ұшағы 2014 жылдан бері қолданыста екен. «Сила» әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың  ұшуға арналған барлық сертификаттары бар. Бұл әуе компаниясында 5 АН-28 ұшағы мен 6 бірдей L-410 ұшағы тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы