АҚХА Иранға қатысты жаңа қарар қабылдауы мүмкін

Венада бүгін Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің басқарушылар кеңесінің кездесуі өтеді.

Басқосуда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жаңа қарар қабылдануы мүмкін. Себебі, кеше осы құрылымның бас директоры Тегеранға барып, ядролық нысандарды бақылау параметрі бойынша келісімге келген еді. Оған сай ұйым инспекторларына осы нысандардағы камераларды тексеріп, ондағы ақпаратты пайдалануға қайта рұқсат етілді. Иран өткен мамыр айында оларды қолдануға тыйым салған. Және осы камераларда соңғы үш айда жиналған ақпарды, жоятынын айтып, сес көрсеткен еді.

Рафаэль Гросси,  Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры:

– Менің ойымша сапар өте нәтижелі болды. Біздің осы кездесуде қол жеткізген уағдаластық кейбір маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі деп сенемін.

Сондай-ақ...