Мексикада Попокатепетль жанартауы оянды

Мексикада Попокатепетль жанартауы атқылады.

От сел боп ағып, күлі 3 шақырым дейін көтерілген. Маңайдағы елді мекендерді қалың шаң торлап тұр. Ақпарат көздері, жанартаудан шамамен 100 шақырым жерде 25 млн адам тұратынын хабарлайды. Билік өкілдері тұрғындарға жанартау маңына жақындамауға кеңес береді. Мерт болған немесе жарақат алғандар жайлы ақпар жоқ.

Айта кетейік, Попокатепетль – Мексикадағы ең ірі жанартаулардың ішіндегі, әрі ең қауіптісі.