Еуропалықтардың Орталық Азия елдерінің қолжазбаларына қызығушылығы артты

Еуропалық ғалымдардың Орталық Азия тарихына деген қызығушылығы артқан.

Мәселен, бүгін Ташкентте басталған «Орталық Азия әлемдік өркениеттер тоғысында» атты халықаралық форумда Қазақстан, Өзбекстан сынды елдердің тарихи қолжазбалар жинағы таныстырылды. Мұны Еуропалық бір топ ғалымдар, өзбекстандық мамандармен бірлесіп жасаған. Жинақта Орталық Азия төңірегінде өмір сүрген ұлы ғұламалардың ғылымға енгізген жаңалықтары жазылған. Мәселен, жұлдыздар әлемін зерттеген Ұлық-бектің еңбектері, жылнамалар мен қасиетті құран беттері бар. Әзірге, үлкен жинақ Өзбекстанда ғана таныстырылды. Авторлардың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан таРапы қызығушылық танытса, онда жинаққа толық-тырулар енгізіліп, біздің елде де кітаптың тұсаукесерін өткізуге дайын.

Александр Вильгельм, Mueller аnd Schindler баспасының маркетинг және даму жөніндегі вице-президенті:

– Бұл жинақты басып шығару үшін ұзақ уақыт кетті. Көптеген архив құжаттары Франция, Ұлыбритания, Италия, АҚШ сынды елдердің музейлері мен кітапханаларында сақталған екен. Сосын еңбектердің қайсысы нақты Қазақстанға, қайсысы нақты Өзбекстанға жататынын анықтау қиынға соқты. Себебі, жазбалардың көбі парсы тілінде жазылған. Бізге, еуропалықтарға Орталық Азия елдерінің тарихы өте қызық болып отыр. Сіздердің мәдениеттеріңіз таңғажайып. Біздің ендігі міндетіміз осындай бай тарихи мұраны еуропалықтарға насихаттау.