Жапония халқының тең жартысы ковидке қарсы вакцина алды

Жапонияда тұрғындардың жартысынан астамы екпе алды. Ирландия тұрғындарының 89% екпенің алғашқы дозасын салдырды.

Жапония тұрғындарынан жартысынан астамы коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 дозасын алды. Қыркүйек айының аяғына қарай егілгендердің жалпы саны 60 проценттен асады деген болжам бар. Егер бұл жоспар орындалса, Жапония вакциналау қарқыны бойынша Еуропа елдерімен теңеседі. Ал Ирландияда жасы 12-ден асқан ересек тұрғындардың 89 проценті вакцинаның кемінде бірінші дозасын салдырды. Ирландия екпе алғандардың көп болуы халқының білімді болуымен байланысты деп тұжырымдаған. Еуропалық мемлекетте 5 миллионға жуық адам тұрады.