SpaceX алғашқы азаматтық экипажды сапарға аттандырады 

Америкалық кәсіпкер Илон Масктің SpaceX компаниясы алдағы сәрсенбі күні ғарышқа алғашқы азаматтық экипажды сапарға аттандырады.

Бұл – тарихта алғаш жүзеге асырылғалы отырған шара. 4 адамнан тұратын экипажды ірі технологиялық компанияның иесі 38 жастағы Джаред Айзекман басқарады. Ұшу Флоридадағы Канаверал ғарыш айлағынан жүзеге асырылып, 3 күнге созылмақ. Сапардың тағы бір ерекшелігі, ғарыш кемесі 575 шақырым биіктікке дейін көтеріліп, бұған дейін ешбір азаматтық экипаж бармаған жер төңірегіндегі орбитаға биіктемек. Бұл тіпті халықаралық ғарыш станциясының орбитасынан жоғары. Ал Айзекман осы сапар арқылы обыр ауруымен күресуге бағытталған қайырымдылық шарасына назар аударуды мақсат еткен.

Сондай-ақ...