Испанияда «ең ұсқынсыз қызанақ» байқауы өтті

Испанияның Тудела қаласында дәстүрлі «ең ұсқынсыз қызанақ» байқауы өтті.

Сайысқа елдің әр түкпірінен ондаған фермер қатысып, бауларында өсірген пішіні адам жегізсіз болып піскен өнімдерін көрсетті. Ал қызықты додада Марисоль Диез бен Висенте Мартинес есімді ерлі-зайыпты жеңіп шықты. Олар мұндай қызанақты арнайы өсірмегенін және сайыста жеңеміз деп ойламағанын айтады. Ұсқынсыз қызанағы озып шыққан фермерлерге сыйлық ретінде шошқаның сүрленген еті берілді.