Бакуде «Үш бауыр 2021» әскери оқу-жаттығуы басталды

Түркия, Әзербайжан және Пәкістан жауынгерлері Бакуде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Үш бауыр 2021» әскери оқу-жаттығуына қатысып жатыр.

Бұл шара-жауынгерлік операциялар кезінде өзара әрекеттесу дағдыларын жаттықтыру, бейбіт және соғыс уақытында операцияларға әзірлік және тәжірбие алмасуға бағытталған. Үш елдің арнайы жасақтарының жауынгерлік дайындығын кешенді түрде бағалауға арналған бұл шара 20 кыркүйекке дейін жалғаспақ. Айта кеткен жөн, Түркия мен Әзербайжанның ұзақ уақыт бойы Пәкістанмен қатынасы тығыз ынтымақтастықта дамып келеді. Түркияның стратегиялық серіктестігі деп атауға болады. Әсіресе, Анкара мен Исламабад арасында қорғаныс өнімдерімен әскери теңіз технологиясында алыс-беріс дамыған.