Ауғанстанға Пәкістаннан алғашқы коммерциялық ұшақ қонды

Кабулға Пәкістан астанасы Исламабадтан аттанған ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл АҚШ әскерін алып кеткеннен кейін алғаш рет жасалған коммерциялық рейс. Әуе кемесінде 10-ға жуық жолаушы болған.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда Ауғанстан билігін басып алған «Талибан» қозғалысының үкіметі елдің әуе кеңістігін 9 қыркүйекте ашқан еді. Сол кезде Qatar Airways компаниясы алғашқы жолаушылар рейсімен 200 жолаушыны Кабулдан Дохаға жеткізген болатын. Тағы бір өзгеріс, барлық жергілікті ақпарат құралдары ел атауын «Ауғанстан» деп қана емес, «Ауғанстан Ислам Әмірлігі» деп жаппай атай бастаған.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

Сондай-ақ...