Гутерриш тәліптерді гуманитарлық ұйымдар жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды

Ауғанстандағы жағдайға Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңдап отыр. Аймаққа 600 млн доллар көлемінде қаражат бөлуді де қарастырған.

Ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриштың айтуынша, бүгінде Ауғанстандағы әрбір үшінші адам тойып тамақ ішпейді. Аймақтағы қуаңшылық жағдайды одан бетер ушықтырып тұр. Елдегі саяси тұрақсыздықтан өзге жерге бас сауғалап қашқандардың саны да артып барады. Женевада өткен конференцияда  БҰҰ билік басына келген тәліптерді гуманитарлық ұйымдардың жұмысына, кедергі жасамауға шақырды.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Гуманитарлық көмек Ауғанстандағы мәселені шешпейді. Қазір халықтың басым бөлігі ашқұрсақ. Жұрттың қолында ақша жоқ. Шұғыл көмек көрсетпесек аймақта гуманитарлық апат болуы мүмкін.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.