425,79 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Талибан» билік құрғалы Ауғанстандағы 153 БАҚ өз жұмысын тоқтатты

  • 111
  • UPD: 10:55, 14.09.2021
«Талибан» билік құрғалы Ауғанстандағы 153 БАҚ өз жұмысын тоқтатты ANNA-News

Бұқаралық ақпарат құралдары «Талибан» тарапынан қаржылық қиындықтар мен қысым көрсетіліп жатқаны туралы мәлімдеді.

Қазақстанда тыйым салынған «Талибан» террористік қозғалысы Ауғанстандағы билікті басып алғалы елдегі 153 БАҚ өз жұмысын тоқтатқан. Бұл туралы Tolo News БАҚ бостандығын қорғайтын ұйымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

Түрлі телеарналар, радиостанциялар мен баспа басылымдары жұмысының тоқтауына қаржылық проблемалар мен жаңа билік енгізген шектеулер себеп болды.

Ауғанстанның Ұлттық журналистер одағының өкілі Масрур Лутфидің айтуынша, егер халықаралық ұйымдар бұл мәселені шешу үшін шара қолданбаса, «Ауғанстандағы БАҚ бостандығы аяқталатын» күн алыс емес.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Талибан» әйелдердің спортпен шұғылдануға тыйым салған болатын.

Хабар 24 телеарнасы