Испанияда орман өрті өршіп тұр

Испанияның оңтүстігіндегі орман өткен аптадан бері әлі жанып жатыр. Соңғы 5 күнде қызыл жалын 8 мың гектарға жуық алқапты күлге айналдырған.

Апат аймағынан 2600 адам қауіпсіз жерге көшірді. Тілсіз жаумен 1 мыңға жуық өрт сөндіруші мен ондаған адам күресіп жатыр. Таулы аудандарға әскерилер жұмылдырылған. Дегенмен, кей аудандарда өрт сөндіріліп, жағдай тұрақтала бастады. Эстепона және Бенахавис курортты қалаларынан көшірілген мыңнан аса тұрғынға үйлеріне оралуға рұқсат етілді

Франциско Сориано, Малага қаласы өрт сөндіру қызметінің директоры:

- Өртпен күресіп жатқанымызға бүгін бесінші күн. Мамандар әбден шаршады. Бүгін кейбір жерлерде жаңбыр жауып, отты сөндіруге біраз көмек болды. Бірақ жалынның бетін қайтаруға біраз уақыт керек.

Сондай-ақ...