423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бельгияда ковид-паспорт енгізілуі мүмкін

  • 88
  • UPD: 13:52, 14.09.2021
Бельгияда ковид-паспорт енгізілуі мүмкін

Ұлыбритания 12 мен 15 жас аралығындағы балаларға вакцина салады. Жеткіншектерге Pfizer екпесінің бір дозасын салу қарастырылған. Оған мектептерде вирус жұқтыру қаупінің күшеюі себеп. Бұл ұсынысты енді үкімет бекітуі тиіс. Одан кейін ата-ананың рұқсаты қажет болады. Екпе мектептерде жүргізіледі.

Крис Уитти, Англияның бас санитар дәрігері:

- Біздің ойымызша, балаларды вакциналаудың пайдасы көп. Сол себепті 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдерге екпе егуді ұсынып отырмыз. Біз мұндай шешімге көп маманның пікірін ескере отырып келдік. Себебі былтыр оқу орындарының жабылуы балалардың денсаулығына әрі психикасына қатты әсер еткен еді. 

Брюссельде қазаннан бастап ковид-паспорт енгізілуі мүмкін 

Ал Бельгияда қазан айынан бастап ковид-төлқұжат енгізілуі мүмкін. Себебі елде халықты вакциналау жұмыстары тым баяу. Ел астанасында халықтың 52 проценті ғана толық вакцина салдырған.

Фатима Буджауи, ковидке қарсы жұмысшы топтың өкілі:

- Брюссельде 18 бен 24 жас аралығындағы жастардың 43 проценті ғана толық вакциналанған. Халықты кеселден қорғау үшін бұл көрсеткішті ұлғайту қажет. Өйткені жастар вирусты таратушы болуы мүмкін.

Саймон Шазаль, студент:

- Қазір медициналық тағылымдамадан өту үшін көп жерде екпе талап етеді. Онсыз кей аурухана науқастарды қабылдаудан бас тартып жатыр. Сондықтан жұмысымды жалғастырып, адамдарды дерттен қорғауға көмегім болсын деп екпе салдырдым.

Хабар 24 телеарнасы