Әлем елдерінде бустерлі вакциналауға мораторий жариялау ұсынылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін бустерлі вакциналауға жыл соңына дейін мораторий жариялауға шақырды.

Себебі әлемде вакцинаны бөлу кезінде әділеттік сақталмай салдарынан екпенің жетіспеушілігі қатты сезілуде, дейді сарапышлар. Мысалы, қазірге дейін дүние жүзінде 5 миллиардтан астам доза вакцина қолданылса оның 80 проценті дамыған және дамушы елдер еншісінде екен. Осыған байланысты Халықаралық ұйым иммунитетті арттыру мақсатында ұсынылып жатқан бустерлі екпені жыл соңына дейін тоқтата тұру керек деп отыр.