Нигерияда тырысқақ дерті дендеп барады

Нигерияда коронавирус індетімен қатар тырысқақ дерті дендеп барады. Осыған дейін бұл кеселден 2300 адам көз жұмған.

Ауруды бақылау және алдын алу орталығы елдің 25 штатында ауырғандар саны 70 мыңға жуықтағанын айтады. Соңғы бір аптаның өзінде 46 адамның өмірін жалмаған. Су тасқынынан зардап шегіп, санитарлық жағдай көңіл көншітпейтін аудандарда ауруды екінші мәрте жұқтырып жатқандардың қатары артқан. Айта кетейік, елде коронаиврустың дельта-штамы кең етек жайды. Әзірге халықтың тек 1 проценті ғана вакцинаның екі дозасын қабылдаған. 

Аканимо Эбонг, дәрігер:

- COVID-19 бен тырысқақ індетінің ушығуы елдің денсаулық сақтау саласына үлкен ауыртпашылық түсіруде. Медицина қызметкерлеріне де оңай болмай тұр. Індетпен күресу жұмыстарына қомақты қаражат қажет. Бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесін жөнге келтіргеніміз жөн.

Сондай-ақ...