425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жапонияда ойын автоматтары залы вакциналау орталығына айналды

  • 94
  • UPD: 15:34, 14.09.2021
Жапонияда ойын автоматтары залы вакциналау орталығына айналды

Жапонияның Осака қаласында халықты вакциналауды күшейту үшін ірі ойын автоматтары залының бірін уақытша екпе орталығына айналдырды.

Онда осы мекеменің қызметкерлері мен осы аудандағы тұрғындарды егу көзделген. Жалпы екі күннің ішінде 1,5 мың адамды вакциналау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, күншығыс елінде қазірге дейін коронавирусқа қарсы халықтың жартысына жуығы толық егілген. Билік қазіргі қарқын сақталса қыркүйектің аяғына дейін ел халқының 60 проценті вакциналанады деп отыр. 

- Ойын залында уақытша екпе орталығы ашылғаны жақсы болды. Себебі вакцина салдырайын деп ауруханаларға бірнеше рет телефон шалғанымда үнемі адам көп екенін айтып екпе ала алмай қойған едім.

Хабар 24 телеарнасы